SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған Илон Маск адамзаттың таяу болашақта апатқа ұшырайтынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости. «Адамзат күйреу алдында тұр, бірақ мұны байқап отырған да, алаңдап жатқан да ешкім жоқ», — деп жазды кәсіпкер Twitter желісінде New Scientist журналының жарияланымына жауап бере отырып. Қараша айында басылым ғаламшар тұрғындарының басты проблемалары жайлы мақала жариялаған еді: адамның тез қартаюы, азық-түлік ресурсына деген қолжетімділігі. Ал осыған дейін Маск адамзатты құтқару туралы айтқан болатын. Сол кезде ол роботтар қолданысқа енгенне нкейін дамыған жасанды интеллектпен қатар өмір сүре алмауы мүмкін деген болжам жасаған еді.