Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 1 шілдедегі №252 өкімімен Т. Рысқұлов ауданының әкімі болып Асқар Санатұлы Қырықбаев тағайындалды.

Қырықбаев Асқар Санатұлы 1965 жылы туған. Білімі – жоғары. 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын ауыл шаруашылығын механикаландыру және 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы және несие мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Луговой ауданы Қорағаты совхозының егіс бригадасында жұмысшы болып бастаған.
1988-1989 жылдары – Алматы орта кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, лаборант, 1989-1993 жылдары – Алматы облыстық автосервис және сауда кәсіпорнында инженер, шұғыл жөндеу шебері, бастықтың экономика және сауда жөніндегі орынбасары, 1993-2012 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>