Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімдігінің актив жиынын өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев ашып, өзінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абдалы Нұралиевтың Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметке осы кезге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарған Мәден Мұсаевты тағайындағанын жеткізді.
Облыс әкімі мұнан соң Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың өмірбаянымен таныстырды. Мәден Тоқтарбайұлы ауыл шаруашылығы саласында ысылған маман. Ол бұған дейін Мойынқұм және Жамбыл аудандарының әкімі қызметінде білімі мен білігін және іскерлік қабілетін көрсете білді.
Өңір басшысы оның жаңа қызметте де облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына қомақты үлес қоса беретініне сенім білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>