Астана қаласының ЭКСПО Конгресс орталығында шілденің бірінші аптасында «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс өтеді. Республикалық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушылары қатысады.
Іс-шарада Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша өкілдігінің директоры Ольга Ломбас, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.
Ұйымдастырушылар жарыс жеңімпаздары арасынан 2017 жылғы 10-12 қарашада Коста-Рикада өтетін WRO-2017 халықаралық олимпиадасына бару үшін ұлттық топ жасақтайтын болады.
«Ақ жол-Ақпарат».