Т. Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Т. Рысқұлов ауданының әкімі болып Асқар Қырықбаев тағайындалды. Асқар Санатұлы Қырықбаев 1965 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Ленинский ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

1982 жылы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында орта мектебін бітірген. 1988 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы институтын бітірген соң Алматы қаласында СПТУ-3 мұғалім лаборант болып жұмыс істеп, запастағы офицер «лейтенат атағын алған».
1989 жылы қыркүйек айынан бастап Алматы облысының «Автомотосервис және сауда» мекемесінде техникалық қауіпсіздік инжинері, цехтің мастері, сауда бөлімінің бастығының орынбасары болып жұмыс атқарған.
1993 жылы ақпан айында жоғарыда аталған мекемеден МКП Мирасқа бастықтың орынбасары болып тағайындалған, сол жылы Алматы қаласында «Тамға» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесінің Бас Бухгалтері болып ауысып, одан кейін Ақбұлақ және Таусамал жауапкершілігі серіктестіктердің Бас директоры болып жұмыс атқарды.
2002 жылы тамыз айынан бастап Қазақстан темір жолының Алматы бөлімшесінің директорының орынбасары болып, содан кейін Астана қаласында Қазақстан Ұлттық Қазақстан темір жолы мекемесінің Атқару директоры, филиалының бірінші орынбасары болып істеді.
2008 жылы маусым айынан бастап Акционерлік қоғам Локомотив сервис центірінде Атқарушы директоры содаң соң 2009 жылы «Қайнар — агро» Жауапкешілігі шектеулі серіктестіктің Атқарушы директоры болды.
2012 жылы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Респбликасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің директорының қызметін атқарып, 2013 жылы қантар айында директоры болып тағайындалды.

2014 жылдың 22 қаңтарынан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

ақпарат көзі zhambylnews.kz

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>