Атақты аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр. Ол осы ойын Ресейде өткен Конфедерация кубогы кезінде айтты, — деп хабарлайды Вести.ru. Экс-футболшы Ресейге барған кездегі өзіне көрсетілген құрметке тәнті болған. Диего Марадона Конфедерация кубогы-2017 финалы кезінде «Ресей футболды жақсы көреді» қозғалысы аясында келген. Атақты спортшы Мәскеуде және Санкт-Петербургте болды. Санкт-Петербургте Марадона Конфедерация кубогының финалдық ойынына қатысты. Сол кездесуде Германия құрамасы Чили футболшыларын 1:0 есебімен жеңген болатын. Өз жанкүйерлермен өткен кездесуде Марадона боксшы Рой Джонс пен Джефф Монсонды мысалға ала отырып, Ресей азаматтығын алғысы келетінін жеткізді.