Жерлесіміз ақпарат саласының үздігі атанды

Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігі белгілі журналист-публицист Қанат Әуесбайды «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Қанат Әуесбай – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті. БАҚ өкілдері арасынан «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист. Шығыс Англия университетінің түлегі (Ұлыбритания, Норвич қаласы). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы. Қазақ және ағылшын тіліндегі «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының авторы.
«Ақ жол» ұжымы атынан жерлес әріптесімізді марапатымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>