Шетелдегі қазақ балаларының білім алуына арнайы стипендиялық бағдарлама жасалады

Елбасы шетте жүрген ағайынның балаларына Қазақстандағы білімді қолжетімді қылу үшін Үкіметке арнайы тапсырма берді. Енді қандастарымызға бөлінетін оқу квотасы екі есеге көбейтіледі.

«Шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау, өсіп келе жатқан жастарға қолұшын беру қажет. Біз шетелдегі қазақ бауырларымыздың балаларына Қазақстанда білім алуларына бар жағдайларын жасаумыз керек. Қазір олар грант арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алады, өздеріңіз білесіздер. Үкіметке қандастарымыздың жоғары білім алуларын қолжетімді ету үшін, оларға бөлінетін квотаны екі есеге көбейтуді тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сондай-ақ, Елбасы шетелдегі қазақ балаларының еліміздегі беделді оқу орындарында білім алуы үшін арнайы стипендиялық бағдарлама жасауды тапсырды.

ақпарат көзі zhambylnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>