Қазақстан мен Таиланд визасыз режимге көшті

Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим орнату туралы келісімге қол қойылды. Дереккөз: Egemen.kz

21 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>