Қытай полициясы елдегі қазақтарды тұтқындап жатыр

Қытай үкіметі Шыңжан аумағында тұратын 10 шақты қазақты ұстап әкеткен. Бұл туралы Radio Free Asia хабарлайды.Оқиға Шыңжан ұйғыр автономиялық облысындағы Карамай қаласында орын алған.

Аталған сайттың мәліметіне сүйенсек, қандастарымызды мұсылман ұйғыр тобымен жақын байланысы бар деген желеумен тұтқынға алған. Ұсталғандардың екеуінің аты-жөні белгілі. Олар – 47 жастағы Халибят Баймолла мен 49 жастағы Қанжытай Душан. Оларға мұсылман ұйғырлармен тығыз байланыста юолған деп айтып тағылып отыр.

Порталдың мәліметінше, қытай үкіметінің жасап жатқан озбырлығы мұнымен бітпейді. Сұхбаттасқандардың біреуі ораза ұстаған мұсылмандардың бәрін жинап, түскі үзіліс кезінде «тамақ іш» деп қинайтынын айтқан. Сондай-ақ, Хабахе аймағында жергілікті имамды 10 жылға бас бостандығынан айырған көрінеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>