Келесі жылдан бастап, Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақы көлемі 25%-ға өседі. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік көмектің жаңа форматын тұрғындарға түсіндіру туралы тапсырмалар берді, -деп хабарлайды BNews.kz порталы.
«Азаматтардың барлығы жасалып жатқан реформалар мен өзгерістер жайлы білуі қажет. Қазір біз міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгіздік, енді, міне, тұрғылықты мекен-жай жәрдемақысы. Адамдар шатаспасын, сақтандыру мен әлеуметтік жәрдемақы екі бөлек бағыт екенін түсінсін» -дейді Бақытжан Сағынтаев.
Болашақта мүлде түсініспеушілік пен сұрақтар болмау үшін, үкімет басшысы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамараға нақты міндеттер жүктеді.
Ертеректе, Тамара Қасымқызы 100 нақты қадам – Ұлт жоспары негізінде келер жылдан бастап, мекен-жай әлеуметтік жәрдемақысының көлемі өсетінін жеткізген. Министрдің айуынша, бұл көмек енді жаңа біріккен форматта берілетін болады.
Басты жаңалық тұрғындар алатын үш түрлі жәрдемақыға үш түрлі органға құжат жинап, өтініш беретін болса, жаңа форматта адамдар бір реттік құжаттарын дайындап, ХҚКО-ға жүгіне алады.
Осы мақсатта, ел бюджетінен 42,80 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Жаңа заң келесі жылдан бастап қолданысқа енеді.