Полиция Тараздағы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

Тараз полициясы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеодағы жүргізушілердің біреуін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Gelandewagen көлігінің жүргізушісінде өзімен бірге ешқандай да құжаттың болмағаны анықталды. Оның көлік куәлігі де жоқ болып шықты. Ер адамға қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды: адам тасымалдаудағы ереже бұзушылықтар; ешқандай құжатсыз көлік жүргізгені үшін және жүргізуші куәлігі болмай тұра көлік құралдарын басқарғаны үшін. Жолаушылардың аты-жөні анықталып жатыр. Сондай-ақ, Gelandewagen соңынан бара жатқан автобустың жүргізушісі іздестіріліп жатыр», — деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері айыппұлдың жалпы көлемі шамамен 56 мың теңге болатынын айтып өтті.

 

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>