EXPO ауданында көшелерді жөндеуге байланысты жол қозғалысы шектеледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ресми сайтына сілтеме жасап. «28 мамыр сағат 21:00-ден 9 маусым сағат 06:00-ге дейін Бейсеков көшесінде Қосшығұлұлы көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аумақта жартылай көлік қозғалысына шектеу қойылады. Жабылу себебі — Бейсеков көшесінде инженерлік желілердің құрылысы жүргізіледі. Жүргізушілер елорда жолдарында кептіліс тудырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алған абзал», — делінген хабарламада.