«Керемет қой». Француздың ығай-сығайлары да Димашты телефонға түсіріп әлек (видео)

Бұл кешті Global GiftFoundation қоры ұйымдастырды. Онда әлемге танымал кино мен музыканың танымал жұлдыздары, сондай-ақ белгілі бизнесмендер мен филантроптар болды.

 

Әлемдік деңгейдегі ығай мен сығай жиналған кеште Димаш Құдайберген француз әншісі Грегори Лемаршальдің «SOS d’un terrien en detresse» атты әнін орындап берді.

 

Айта кетейік, дәл осы шығарманың арқасында Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am Singer» байқауында жарқ етіп шыққан болатын. Отандасымыз қытайлық тыңдарманның жүрегін елжіретіп, І-турда-ақ бірден І-орынды жұлып алған.

 

Сол секілді осыған дейін осы қайырымдылық кеште Димаштың атақты кино актириса, голливуд жұлдызы Ева Лонгориямен би биелеген видеосы пайда болған еді. Ол кездегі видеоларда Димаш Адажио әнін әуелетіп шырқады.

 

ақпарат көзі 365info.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>