Жеңіс күні

Жеңіс желі желпіп отыр баршаны,
Мұндай күні желпінудің бар сәні.
Төрт жыл бойы түңілдіріп соғыс сұм,
Сансыз жүрек бұл күнді аңсап шаршады.

Бұл күн ерек – қара бұлттар кеткен күн,
Бұл күн ерек – сығалаған көктен күн.
Дәл осы күн бақыт атты жыл құсы,
Гүл бағында сайрап еді көктемнің.
Сол бір күнді мен де күткем, сұрағам,
(Сәби жүрек әзер ғана шыдаған)
Елге бақыт, маған берді жетімдік,
Сол ғана деп сенің алар сыбағаң.

Бүгін мына құсым қолда, қашпайды,
Ұзамайды менен тағы тас қайғы.
Қатып қалған сол қайғыны кеудеде,
Жеңіс Күні бір жібітіп тастайды.

Жақсылық Сәтібеков.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>