Қаржы министрлігі орталықтандырылған сатып алу органдарын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде орталықтандырылған сатып алу органдарын құру жоспарланып отыр.  Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын таныстырған Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сатып алуларды орталықтандыру бойынша тиісті модель ұсынылып отыр. Осы орайда республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде орталықтандырылған сатып алу органдарын құру ұсынылуда. Республикалық деңгейде бұл Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетімен қамтылады. Ол өз кезегінде орталық мемлекеттік органдар үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі бойынша сатып алулар жүргізеді. Облыстық деңгейде орталықтандырылған сатып алу органдары әкімдіктердің мемлекеттік сатып алу басқармаларының базасында құрылады. Олар барлық облыстарда жұмыс істеуде. Тізімге құрылыс, жөндеу жұмыстары, жобалау шаралары, сондай-ақ кеңселік тауарлар мен жабдықтар енгізіледі»,-деді Тортаев. Оның сөзіне қарағанда, аудандық деңгейде орталықтандырылған органдар әкімдік жанында мемлекеттік сатып алулар бөлімі түрінде құрылмақ. Олар стандартты тауарлар кірген тізім бойынша сатып алулар жүргізеді. Жоғарыда аталған деңгейлердің барлығы үшін тауарлар тізімі жүргізілген талдау негізінде Қаржы министрлігімен анықталады. Осы арқылы орталықтандырылған қызметтер деңгейлер арасында өкілеттіктер нақты жіктеледі. Тортаевтың айтуынша, облыс пен аудан әкімдерін мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарға төрағалық етуден босату ұсынылады. Белгілі болғандай, көптеген ұсақ сатып алу шаралары ірі лоттарға біріктіріледі. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарды кәсібилендіру іске асырылмақ.

ақпарат көзі inform.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>