Левитке Азия чемпионатының финалына шығу үшін екі минут жеткілікті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Василий Левиттің құрлықтық біріншіліктің ақтық сынына шығу мәселесі жартылай финалдың бірінші раундында-ақ шешілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Левиттің қарсыласы сириялық Алаа Элдин Гуссун болды, ол бірден шабуылдауға көшті. Бірақ қазақстандық спортшы қарсыласының әр шабуылын ұтымды пайдалана біліп, соққылар жаудырып отырды. Осылайша, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылып, біздің боксшы жеңімпаз атанды.

ақпарат көзі inform.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>