Биыл Рамазан айы мамырдың 27-сі күні басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, мұсылмандар маусым айының 21-інен 22-сіне қараған түні Қасиетті Қадір түнін қарсы алады.
25, 26, 27 маусым – Ораза айт күндері.
Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Зульхижжа айының 9-ы – 31 тамыз Арафа күні.
Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 1 қыркүйекке түсіп тұр.
21 қыркүйек – Хижра жыл санауы бойынша Жаңа жыл.
30 қыркүйек – Ашура күні.