Төрт жасар бала айфонның көмегімен анасын өлімнен арашалап қалды (видео)

Ұлыбританияда төрт жасар бала анасының өмірін сақтап қала алды.

Бұл туралы The Next Web хабарлайды.

Ес-түссіз жатқан анасының үстінен түскен бала, анасы пайдаланатын iPhone-ды тауып Home батырмасын басады. Осылайша Siri-ді шақырған.

Дыбыстық көмекші баланы шұғыл қызметпен байланыстырады. Бала оларға анасының тыныс алмай, қозғалыссыз жатқанын айтады. Ол диспетчердің сұрақтарына сенімді түрде жауап берген. Диалогтың жазбасы Youtube порталында да жарияланды.

Қызметкерлер Роман есімді баланың мекен-жайын білген соң, ол жерге дереу полиция мен фельдшерлер тобы келіп жеткен. Дәрігерлер әйелдің өмірін құтқарып, оны жедел ауруханаға жеткізеді. Әйел содан соң есін жиған.

Егер Siri арқылы хабарласпағанда, баланың анасының жағдайы не боларын болжаудың өзі қиын. Анығында бала ондай сәтте қай батырманы басу керек екенін нақты білмеген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>