«Союз МС-03» ғарыш кемесі Байқоңырдан сәтті ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат — Байқоңыр айлағындағы Гагарин ұшу тұғырынан «Союз МС-03» тасымал ғарыш кемесін ұшыру белгіленген уақытта, 18 қарашада 02 сағат 20 минут 13 секундта жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халықаралық ғарыш стансасына ұзақмерзімдік 50/51 экспедиция экипажының құрамында ресей ғарышкері Олега Новицкий, №1 бортинженер, Еуропа ғарыш агенттігінің ғарышкері Том Песке және №2 бортинженер, америкалық астронавт Пегги Уитсон бар. Ұшу кезеңіне сәйкес зымыранның үшінші сатысы тасымалдаушы ғарыш кемесінен старттан кейін 529 секунд өткен соң бөлінді. «Союз МС-03» жасанды жер серігінің орбитасына шықты. Ғарыш айлағын қамтамасыз ету және Төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан комитеттерінің ақпараты бойынша «Союз — ФГ» зымыран тасығышының бөлінетін сатылары белгіленген Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ресейдік Алтай өлкесінің ауцдандарына құлаған. Кеменің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін 20 қарашада, ғарыш кемесінің орбитада 34 рет айналғаннан кейін жүзеге асырылады. ХҒС — 50/51 экипажы орбитадағы жарты жылға жуық кезекшілігінде  «Прогресс МС» жүк кемесін, америкалық Dragon жүк кемесін, жапондық НТV кемесін қабылдап алып, 44 ғылыми зерттеу мен тәдірибе жүргізеді.

ақпарат көзі kazinfor.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>