Табиғат тосын мінез танытты

Табиғат тосын мінез танытты

Жамбыл облысында 3 қараша күні түс ауа басталған желдің соңы қатты дауылға ұласты. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан дауылдың салдарынан тұрғын үйлер мен мекеме нысандарының шатырлары жұлынып, электр бағаналары үзіліп, ағаштар сынған. Дауылдың қатты болғаны соншалық көше бойындағы кейбір талдар тамырымен опырылып құлаған. Қалада мұнымен қоса бағдаршамдар да сөніп, көшеде сағаттап көлік кептелісі орын алды. Қатты дауылдың салдарынан облыста 67 білім нысаны мен 7 денсаулық сақтау мекемесінің шатыры қираған. Сондай-ақ қаланың бірнеше аумағында тұрғындар жарықсыз қалды. Бүгінде арнайы құрылған жұмыс тобының күшімен көше бойлары сынған ағаштардан тазартылып, электр желілерін қалпына келтіру үшін 42 бригада мен 38 арнайы техника жұмылып жұмыс істеуде.

дыбыстаған Шынар Асанқызы

монтажер-оператор Алмаз Орманов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>