Ауылдағы жаңа емхана

Тәуелсіздік жылдары елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық емдеу мекемелерін салу жүйелі қолға алынды. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы медицина қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік беруде. Бүгінде халықты медицина қызметімен толыққанды қамту мақсатында салынған жаңа үлгідегі емдеу орталығы аудан бойынша 12 ауылда бар. Соның бірі – жақында ғана жаңадан пайдаланылуға берілген С.Шәкіров ауылындағы емдеу мекемесі. Тұрғындарға тарту етілген ғимарат көркі ауыл ажарын аша түскен. Аталған денсаулық емдеу мекемесі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған. Жалпы, жобалық-сметалық құны 69 миллион теңгеге бағаланған нысан құрылысын «РБЕ-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген екен.
– Қандай да бір дағдарыс болмасын, әлеуметтік мәселелер түбегейлі өз шешімін табуда. Айналдырған ширек ғасыр ішінде ауданда осымен 12 емдеу мекемесі ашылып отыр. Осының бәрі түптеп келгенде Тәуелсіздігіміз бен Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі. Болашақта да осындай игі істер жалғасын таба берсін, – деді нысанның ашылу салтанатында ауыл халқын құттықтап сөз сөйлеген Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев.
Салтанатты шара барысында сөз алған еңбек ардагері Мәдібек Мылтықбаев С.Шәкіров ауылында әлеуметтік мәселелер толықтай шешімін тауып, тұрғындардың қалалықтардан кем өмір сүрмей отырғанын жеткізді. Халыққа бар жағдайды жасап берген Елбасымызға алғыс айтып, облыс, аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
Алқызыл лентасы қиылған ғимаратты жұртшылық аралап көріп, алғашқы ем қабылдағандар да болды.
Заманауи үлгідегі мекеме көпшілік көңілінен шықты. Әзірге тұрғындар 6 мейірбикенің қызметіне жүгіне тұрмақ. Дегенмен, жоғары білімді бір дәрігердің керек екенін айтады ауыл әкімі Нұрбол Көпәділов.

Сәулембай Әбсадықұлы,
«Ақ жол».

С.Шәкіров ауылы,
Талас ауданы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>