«Жетісу кубогінде» жамбылдықтар басым болды

Талдықорған қаласында бокстан жастар арасында халықаралық «Жетісу кубогі» турнирі аяқталды. Оған Қытай, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғыз, Өзбекстан және еліміздің барлық облысынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Ер балалар 11 салмақта ал қыздар 3 салмақта сайысқа түсті. Жеңіске жеткен боксшылар спорт шебері атағына қол жеткізді.
«Жетісу кубогі» халықаралық турнирі – жоғары деңгейдегі жарыстың бірі. Сарапшылар бұл доданы жас боксшылардың шеберлігін шыңдайтын ұстахана деп біледі. Өйткені, Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста екі салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған украиналық Василий Ломаченко, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов және әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сынды майталман боксшылар тап осы турнирде топ жарған.
Бір аптаға созылған жарыста жамбылдық былғары қолғап шеберлері де жақсы дайындықпен келгендерін байқатты. Турнирде 18 боксшымыз өнер көрсетті. Соның бірі – Эльдар Қамшыбек. Ол 81 келі салмақта сынға түсіп, қарсыластарын айқын жеңді. Жартылай финалда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан келген Мардан Мұхаммедті ұтып, финалда өзінің командаласы Хуршедшох Искандеровпен қолғап түйістірді. Жастар ара­сындағы әлем біріншілі­гінің күміс жүлдегері Хуршедшох жартылай финалда өзбек оғланы Ахрорбек Нишонбоевті жеңген болатын. Ақтық айқаста Эльдардың мерейі үстем болды. Осы жарыста Сапарбай Қабылбай (56 келі), Айбек Сатыпалды (64елі), Нәриман Ұзақбай (75 кг) қоланы қоржынға салды. Қыздар арасында 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Арайлым Бегділдә да үшінші орыннан көрінді.

Жарқын Нұрланұлы,
журналист.

Талдықорған қаласы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>