ЖАМБЫЛ ӨНІМДЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысында болды

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Жамбыл облысының күндері аясында бірқатар шаралар өтті.
Алдымен делегация Шығыс Қазақстанның басшылығымен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аймақаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.
– Бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Біздің өңір аграрлық өлке саналатындықтан, биыл ауыл шаруашылық өнімдері мен жеміс-жидектен мол өнім жинадық. Сондай-ақ, еліміздегі химияның 30 пайызын Әулиеата өңірі береді. Жамбыл облысынан минералды тыңайтқыштар, құрылысқа қажет қоспалар, ұн-макарон өнімдерін тасымалдауға әзірміз, – деді Кәрім Көкірекбаев.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысының ықпалдастығы жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Мұнан соң қонақтарға «Fresh Market« логистикалық орталығы көрсетілді. Сауда кешенінде Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Әулиеаталық тауар өндірушілердің қатысуымен өткен жәрмеңкеге жалпы құны 95,7 миллион теңгені құрайтын 154,3 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.
Оның ішінде 20 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және шошқа еті), 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық өнімдері, 16,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 1,2 тонна бал және 87,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 5-20 пайызға төмен.
Делегация «Серпін– 2050» бағдарламасы бойынша оқитын Жамбыл облысының студенттерімен кездесті.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысынан 2014 жылы – 172, 2015 жылы – 443, 2016 жылы – 262, барлығы 877 білімгер оқуға түсті. Оның 715-і – жоғары оқуға орындарына, 162-і колледждерге түсті.
Сондай-ақ «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС-ның және «Бобровка+» роботталған сүт өнімдері фермасының жұмыстарымен танысты.
«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>