БАСПАНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

«Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Асылжан Құртаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан Тараз қаласындағы тұрғын үй құрылысы туралы хабардар етті.
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ-на операторлардың бірі ретінде бағдарламаның несиелік және жалға берілетін тұрғын үй салу бағыты бойынша 113 миллиард теңге бөлініпті. Бұған қоса жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй нысандарының құрылысын қаржыландыру үшін 67 миллиард теңге қарастырылған.
А.Құртаевтың мәлім-деуінше, акционерлік қоғам Тараз қаласында 395 пәтер салуға жеке құрылыс салушы компаниялармен 5 инвестициялық шарт жасасқан. 2016-2017 жылдары облыста 22,5 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын салуды жоспарлапты. Қазір қаладағы «Арай» тұрғынжай алқабында 6 көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінің құрылысы аяқталуда. Үйді қараша айында беру жоспарланып отыр. Желтоқсан айында 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа пәтерлерге қоныстанатын көрінеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында осы алқаптан тағы да 315 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланыпты.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үй сатылады және жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдар арқылы бөлініп, екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдің құны 131 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде кезекте тіркеуде тұрған аз қамтылған азаматтарға беріледі. Тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдаудың ай сайынғы төлемі шаршы метр үшін 1110 теңгеден аспайды. Сонда 50 шаршы метр пәтерді сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 теңгені құрайтын көрінеді. Ипотекадан айырмашылығы – мұнда бастапқы жарна төленбейді, 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғынның меншігіне айналады.
Одан әрі хабарламашы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірлерде құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Жыл соңына дейін Тараз, Қызылорда, Қостанай, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын жеткізді. Акционерлік қоғам Қазақстанның 14 өңірінде тұрғын үй нысандарының құрылысын инвестициялауға 44 шарт жасасыпты. 2016-2017 жылдары еліміз бойынша 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді немесе 11 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырғандарын жеткізген А.Құртаев «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық отбасы кепілді түрде тұрғын үйге ие болады дейді.
«Қазақстанның түрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Данияр Серікұлы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы банк салымшыларының тұрғын үйді алу жолдары жайлы түсінік берді.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>