Қанат Ислам — Әлем чемпионы

Бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасып, қарсыласын 12 раундқа созылған кездесуде ұпай бойынша ұтты.

Кәсіпқой рингтегі 22-ші кездесуінде жеңіске жеткен Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақтағы WBO Inter Continental тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, «Алматы Арена» сарайында өткен бокс кешін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы. Бүгінгі бокс кешінің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 30 қазан күні  20:40-та тамашалай аласыздар.

 

ақпарат көзі kaztrk.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>