Бүгін еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болады

Қазақстанның батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, шығыста бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең  жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, түнде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

 Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>