Al Jazeera телеарнасы Facebook желісіндегі өзінің парақшасында әлем бойынша босқындарды ең көп қабылдаған елдер туралы видеролик жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Босқындарды қабылдаған елдер: Иран — 979 мың 400, Ливан -1,5 миллион, Пәкістан — 1,6 миллион адам. Сонымен қатар, Түркия — 1,5 миллион және Иордания — 2,7 миллион адам.
Мынадай елдерден босқындар келіп жатыр: Оңтүстік Судан — 800 мың, Сомали — 1,1 миллион, Ауғаныстан- 2,7 миллион. Босқындар саны бойынша көш бастап тұрған Сирия — 4,9 миллион және Палестина — 5,2 миллион адам.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz