Елбасы 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады

Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. Сапар аясында Корольдіктің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Ақорданыңбаспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.

Ақпарат көзі:  Baq.kz 
  •  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>