Рой Джонс: Боксты құтқару – GGG-дің қолында

Бокстың күні бітуге жақын. Алайда, оны құтқарып қалу қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қолында. Мұндай пікірді төрт бірдей салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы америкалық боксшы Рой Джонс (64-9, 46 КО) айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге қалай да қол жеткізуі тиіс. Себебі, қазір орта салмақта одан өзге мықты боксшы қалмады. Оған әзірге ең лайықты қарсылас – Канело ғана. Немесе келесі салмаққа ауысып, қарсыласты сол жақтан іздеуі керек. Қазір бокс әлемі құрдымға кетіп барады. Сондықтан, боксты құтқарудың жалғыз жолы – GGG-дің қолында, яғни, Головкин мен Альварес жекпе-жегін ұйымдастыру. Қазақстандық боксшы мұны өз қолына алмаса, боксты кебіндеп, жер қойнына тапсыра беруге болады», — дейді Рой Джонс.

Айта кетейік, өткен аптада Рой Джонс пен Геннадий Головкин Мехикода кездескен болатын. Ол осы кездесуде отандасымызды аты аңызға айналған боксшылар тізіміне қосты.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>