Рой Джонс Головкинды бокс аңыздарына теңеді

Төрт салмақ категориясы бойынша бұрынғы әлем чемпионы және HBO арнасының коментаторы кіші Рой Джонс қазақстандық Геннадий Головкинды бокс аңызына айналған тұлғалармен теңестірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші Джонс өзінің Facebook-тегі парақшасында Хулио Сезар Чавес, Роберто Дюран және Головкинмен бірге түскен суретін орналастырып, астына «Аңыздар» деген жазба қалдырған.

Бұл Мехикода швейцариялық Hublot сағат маркасын шығарушы компания ұйымдастырған кездесуде түсірілген сурет. Компания Головкиннің құрметіне арнайы қолсағаттар топтамасын шығарады.

 

Ақпарат көзі: тенгри.news

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>