Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес 2017 жылы орта салмақта белбеулердің иегері Геннадий Головкинмен және Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.
Мексикалық боксшы орта салмақта жекпе-жекті биыл желтоқсанда өткізуді жоспарлаған, бірақ оған жарақаты кедергі болды. Сондерспен Альварес 2017 жылдың мамырында, ал Головкинмен қыркүйекте кездескісі келеді екен.
«Меніңше, бұл жақсы жоспар, — деп мәлімдеді Альварес. — келесі жылға құрған жоспарымыз — орта салмақтағы дебют және чемпиондық. Біз WBO-мен осылай жасай аламыз, осы жайында ойланып жүрмін. Бірақ алдағы негізгі міндетім — жарақатымнан айығу».
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz