Ата-баба салтың бар

«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деген нақылға сүйенсек, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан түрлі ырымдар мен тыйымдар текке айтылған секілді. Алайда, қаншалықты сол ырым-тыйымға сенбеймін дегенмен, іштей бір түрлі күйге түсеріміз анық. Қалай болғанда да, ырымға сенбейтін қазақ жоқ. Қазақ тұрмысының тылсымға толы бір парасы осы ырымдар мен тыйымдар болса керек. Ендеше, солардың бірнешеуіне назар аударып көрейік.

* * *
Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа, «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.

* * *
Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса – үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз – астың иманы, қыз – үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса – қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.

* * *
Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе – қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп қаралайды.

* * *
Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, жел шығарса – сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе – жақсылық нышаны. Жолға жүргелі тұрған ат құмалақ тастаса – жолдың оңға бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы – сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды.

* * *
Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады.

* * *
Ит аспанға қарап ұлыса – сол шаңырақ иесінің өліміне көрінеді деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы – иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені.

* * *
Ит адамға дос. Малды күзетіп, ит-құстан корғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп калғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден басқа бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздык етеді екен. Ал ит кұйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.

* * *
Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса – үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәубе қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай – Алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні – Құдай тағала даладағы жын-шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан, оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса, үйге жасын түсуі ықтимал.

* * *
Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе – оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан, жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.

* * *
Ауладан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені, ит иесіне тілеулес. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды.

* * *
Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрең тартса – ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.

* * *
Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.

* * *
Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.

* * *
Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек тағы басқа жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.

* * *
Жаяу аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды.

* * *
Тізені құшақтамайды. Бұл «Ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтайтын ешнәрсе қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.

* * *
Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді.

* * *
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады.

* * *
Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>