Василий Левитке алтын медаль табысталды

Ал Ресей Федерациясының армия, авиация мен флотқа жәрдемдесудің ерікті қоғамы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левитке «Еңбегі үшін» I дәрежелі орден мен КСРО-ның үш дүркін батыры Александр Покрышкиннің медалін беріп жіберді. Қостанай қаласының Достық үйінде өткен шара барысында аталған наградалар мен алтын медаль В.Левитке табысталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «Алауға» сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, медаль арнайы Василий Левит үшін құйылды. Оның Рио-Олимпиадасының медальдарынан еш айырмашылығы жоқ. Бір артықшылығы — 25 микрон алтыны бар. Ал Олимпиада медальдарын тек 6-ақ микрон алтынмен ғана жалатып қояды. «Біз үшін Василий Левит — Олимпиада чемпионы!», — дейді қостанайлықтар. Кездесуге Василий Левиттің алғашқы бапкерлері де қатысты. Асылхан Бусурманов пен Марат Тапенов 10 жасар боксшыны тәрбиелеп, спорт шебері деңгейіне жеткізгеннен Астана қаласына жіберген. 12 жыл бойы Василий «Сұлтан» атты спорт клубында жаттығып, өз шеберлігін шыңдады.

Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы, Қостанай облысының Федоровка аулының тумасы Василий Левит финалға дейін жетіп, ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен болатын. В.Левит соққылардың саны жағынан ұтып тұрса да, төрешілер өз шешімін Е.Тищеноконың пайдасына шығарды. Осыдан кейін залда отырған көрермендер ысқырып, қазылар алқасының шешіміне наразылық білдірді. Марапаттау салтанатында да Е.Тищенко мінберге көтерілгенде халық гуілдеп, чемпионды мойындамайтындарын жеткізген.

Ақпарат көзі:  Baq.kz 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>