Теңіз суын бөліп тұрған перде

Таңғажайып құбылыс. Ақ теңіздің суы мен Атлант мұхитының суы бір-біріне араласпайды екен. Бұл екі су да негізгі ерекшеліктерін жоғалтпай, сақтайды. Кейін екі теңіз қосылған жерде судың бір-біріне араласуына бөгет болатын, белгісіз де көрінбейтін бір кедергі, перде бар екендігі анықталды.
Бұған Стамбул (Босфор) және Чанаккале (Дарданеллы) бұғаздарындағы судың екі жаққа қарай ағып жатқаны да мысал болады. Ақ теңіздің қою да ащы суы бұғаздың астындағы ағысы ретінде Қара теңізге қарай, ал Қара теңіздің тұщы суы бұғаздың үстінгі ағысы ретінде Ақ теңізге қарай құяды.
Америкалық теңіз зерттеушісі, профессор Хеий ұзақ уақытқа дейін жүргізген ғылыми зерттеуінің нәтижесінде мынадай тұжырымға келген. Құдайдың құдіреттілігі – теңіз суларының арасына тартып қойған пердесі бар. Бұл перде екі теңіздің бір-бірімен араласуына бөгет болады. Алайда, екі теңіздің суының бір-біріне өтуіне бөгет болмайды. Сонымен қатар, әр теңіз не өзен суы өз ағысын, ағып өтетін жерінің химиялық құрамына сай қажет болғанды өткізетін, қажет болмағанды өткізбейтін екіжақты сүзгіш іспеттес. Өйткені бүкіл теңіз бен мұхит суларының өзіндік ерекшеліктері бар. Температурасы мен тұздылығының мөлшеріне қарай, жәндіктердің айырмашылығына дейін әрбіреуі өзгеше бір әлемді бейнелейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>