Алақан ізі адамдікі емес

Ғалымдар Мысырдағы Вади Сура ІІ үңгіріндегі алақан іздерінің құпиясын аштық деп мәлімдеді. Олар үңгір қабырғаларындағы кішкентай «қолдардың» іздері адамдікі емес деген тұжырымға келіп отыр.
Ғалымдар көне суретшілер осындай суреттерді жануарлардың көмегімен салған дейді. Естеріңізде болса, Ливия шөліндегі Вади Сура ІІ үңгіріндегі тасқа салынған суреттер барын зерттеушілер 2002 жылы анықтаған болатын. Сол кезде суреттер 8 мыңнан астам жыл бұрын салынған деген болжам жасалған еді.
Қабырғадағы суреттердің басым көпшілігі жануарлардікі болған соң, ғалымдар бұл орынды жануарлар үңгірі деп атаған еді. Алайда, жануарлардың суреттерінен басқа үңгірдің қабырғаларында өте кішкентай алақан іздері бар екені анықталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>