Тұралаған туризмге ЭКСПО екпін берcе игі…

Елімізге өткен жылы 6,4 млн шетелдік келгенімен, оның небәрі 70 мыңын ғана туристер құраған екен.

Қазақ даласына табан тіреушілердің бір-ақ пайызы саяхаттау мақсатын көздегеніне қарап, бұл саланың тым қатты тұралап қалғанын байқауға болады. Ал, мұндай аяңмен қонақтарды асыға күтіп, қоржын толтыруды әрі жақсы атты шығаруды жоспарлаған ЭКСПО көрмесін қалай өткіземіз? Оның үстіне дәл қазіргідей қаржылық дағдарыс тұсында Астананы бетке алатындардың қатары қаншалықты қалыңдайды? Сондықтан да ең әуелі Үкіметке туризм саласын жеделдете дамыту керек болып тұр, деп жазады «Айқын».

Кеше Астанада өткен «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің үшінші отырысында сөйлеген «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахмет­жан Есімов өзінің алаңдаушылы­ғының негізсіз емес екендігін деректермен дәлелдеуге тырысты. Мәселе, дәл бүгінде 99 мемлекет өздерінің елордадағы көрмеге қатысатындығын ресми түрде нақтылаған. Ал, оның 95-і шараға жауапты комиссар­ларын бекітіп, қазақстандық ұлттық ком­па­ниямен белсенді түрде байланысқа түсіп жатыр. Дегенмен, қызықты тақы­рыпты ұсынатын көрмені тамашалайтын туристердің ағынын молайту керек.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>