IBF есебі бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Келл Брук WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі үшін қанша ақша алатыны белгілі болды.
Ал, Головкиннің қанша алатыны әзірге белгісіз. Головкин Лос-Анжелесте өткен Доминик Уэйдпен жекпе-жегі үшін 2 миллион доллар алған болатын.
Брук пен Гловкиннің төбелесі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді. BoxingScene.com мәліметінше, Брук Головкинмен жекпе-жегі үшін 3 миллион фунт стрелинг көлемінде ақша алады.
Бұған дейін Брук Головкинмен жекпе-жегі оны әлемге танытатынын, осы титулды иеленуді ойлап көз іле алмай жүрегенін айтқан еді.
Ақпарат көзі: Stan.kz