Қазақстандық әнші Головкинге ән арнады

Әнші Диана Шарапова Головкиннің Брукпен өтетін жекпе-жегі қарсаңында қазақстандық боксшыға қолдау көрсету үшін Gena King әніне бейнебаян түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бейнеклипке Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушылары түскен. Олардың арасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, таеквондошы Руслан Жапаров, боксшы Олжас Саттыбаев, сондай-ақ жүзуден рекорд орнатқан Зүлфия Ғабидуллина бар.

Бейнебаянды түсіру кезінде Диана Шарапова жұдырықпен жаттығып, секіртпемен және балғамен түрлі жаттығулар жасайды. »Нұсқаушым менің салмағы 15 келі болатын балғаны алып,»КАМАЗ-ды» ұра бастағанымды көріп, таңғалды. Геннадий расында да рингтің патшасы, заманауи бокстың патшасы. Ол Қазақстандағы ең кәсіпқой спортшы, өзінің мансап жолында бірде-бір жекпе-жекте жеңіліске ұшыраған жоқ. Ол мен үшін және бүкіл әлем үшін феномен. Оған арнап ән айту мен үшін құрмет», — деді Диана Шарапова.

Еске салайық, Головкин — Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>