Салаттан шыққан құрбақа

Ресей Федерациясы Хабаровск қаласының тұрғынының қалалық дүкендердің бірінен сатып алған кимчи салатынан құрбақа шығыпты. Супермаркет басшылығы бұл мәселенің анық-қанығына жетуге уәде беріп отыр. Олар қазір кимчиді сараптамаға жіберіп, бұл жағдайдың қалай орын алғанын анықтау үстінде.
Салат сараптамаға жіберіліп, тауарды жеткізуші тексерілуде. Мән-жай анықталғанша, өнімді сату тоқтатылған.
Салаттан бақа табылғаны жайлы оқиға «В контакте» желісінде жарияланған. «Парижский депода «Самбери» дүкенінен кимчи сатып алып жедік, ішінен бақа шықты. Сатылымға шығарған өнімнің сапасын ешкім тексермегені ме?» – делінген хабарламада.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>