Данияр Елеусінов: Бұл — қазақ елінің жеңісі

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақта чемпион атанған Данияр Елеусінов жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жеңіс -қазақ елінің жеңісі. Мен жеңісімді еліме арнаймын», — деп атап өтті Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Сонымен бірге, Рио олимпиадасында өзіне қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне шексіз разы екенін айтып, алғыс білдірді.

«Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріме деген алғысым шексіз. Барлығықтарыңызға рахмет! Мені қолдадыңыздар, осы жетістікке жетуге талпындырып, жігерімді жаныдыңыздар. Сол үшін барлық жанкүйерлеріме рахмет айтамын. Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым», — деді Данияр Елеусінов.

Сонымен бірге, осыған дейінгі Олимпиада ойындарындағы 69 келі салмақта Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев салған сара жолды бұзбай, чемпиондық атаққа қол жеткізгені үшін қуанышты екенін де жасырмады.

«Бұл 69 келі салмақ, қазақтың салмағы атанып кетті. Оған себеп, менің алдымда қазақтың үш батыры Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев  қазақ еліне алтын медаль сыйлады. Серік Сәпиев үлкен спорттан кеткен соң, мен осы салмаққа ауыстым. Бұл салмақ дәрежесінің жауапкершілігі күшті екенін сезініп, және алдымдағы ағалардың жолын жалғап, чемпион болуға бар күш-жігерімді салдым. Міне, арманым орындалды. Ағаларыма ұялмай қарайтын болдым», — деді күліп Данияр Елеусінов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>