«Көз жасы» көлдері

Индонезияның Келимуту тауында түрлі түсті көлдер бар. Жергілікті халық оны «Көз жасы көлдері» немесе «жауыз рухтар көлі» деп те атайды екен. Бір ерекшелігі – бұл көлдер түсін көгілдір, жасыл, қызыл және қараға өзгертеді. Көгілдір көл қарттардың, қызыл көл жастардың, қара көл жаман адамдардың жанын алады деген наным бар.
Негізінен, көлдердің түсінің қызылды-жасылды болып келуін олардың Келимуту жанартауының үстінде орналасуымен байланыстырады. Келимуту шыңына күн шыққанда көтерілгендер ғана көлдің ақ, жасыл, көгілдір түске өзгергенін көруі мүмкін. Кей күндері көлдер қара, жасыл, қызыл түске өзгереді екен.
Келимуту тауы 350 шақырымға созылған Флорес аралындағы ұлттық паркте орналасқан. Парк Энде қаласынан 60 шақырым қашықтықта жатыр. Вулкан тауының маңында Моли ауылы қоныстанған. «Келимуту» қайнап жатқан көл деген мағынаны білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>