Тоғыз жүлдемен оралды

Алматы қаласында ушу-саньдадан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің әр қиырынан кілең мықты спортшылар қатысқан додада жамбылдық шеберлер тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге ілікті. Қыздар арасындағы сында 48 келі салмақта Арайлым Әуезова, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Дильноза Сализова бабында екендіктерін танытып, чемпион атанса, ерлер сынында Исламидин Нусуров (56 келі), Азиз Қошқаров (85 келі), Асхат Жантұрсынов (90 келі салмақта) сынды спортшылар мықтылықтарын байқатып топ жарды. 65 келі салмақ дәрежесіндегі Ришат Ливеншо күміс жүлдеге қол жеткізсе, Алдияр Орынбай (65 келі), Нұриддин Марасулов (60 келі), Медет Оралбаев (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ел чемпионатында қатарынан оза шауып бәйге алған саңлақтарды облыстың аға жаттықтырушысы Мухидин Маюфи және өзге бапкерлер додаға дайындаған болатын. Жамбылдық ушу-саньда шеберлері бұған дейін де жоғары нәтижелерімен көзге түсіп жүрген. Жерлестеріміздің әлі талай байрақты бәсекелерде намыс туын жоғары көтере алатындығына сеніміміз кәміл.

Жанар Әбсадық,
ТарМУ-дың студенті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>