Қазақ футболшылары Қытай командасын жеңді

Қазақ футболшылары сырт алаңда қытайлық футбол шеберлеріне қарсы жолдастық кездесу өткізді. Дальян қаласында өткен жолдастық кездесуде жасыл алаңға Ұлан Қонысбаев, Таңат Нөсербаев, Мақсат Байжанов, Самат Смақов, Серікжан Мұжықов секілді сайыпқырандар шықты. Жолдастық кездесуге «Қайрат» футбол клубының басшылығы құрамындағы ойыншыларды жібермейтіндігін мәлімдеген болатын. Сондықтан, жасыл алаңнан Бауыржан Исламханды көре алмадық.
Ойын бастала салысымен қытайлық футболшылар ұлттық құраманың қақпасына қауіп төндірумен болды. Алдымен айып алаңына асырылған допты Хао Цзюньминя есеп ашу үшін сәтті пайдалана алмады. Араға екі минут өткен соң У Сидің соққысы қақпадан сәл ғана қиыс кетті. У Лейдің соққысына қазақ футболшылары тосқауыл бола білді. Араға аз ғана уақыт салып, Сергей Хижниченко қытайлықтардың қақпасына қауіпті соққы бағыттады. Ал қарсыластар қақпасына ең қауіпті соққыны жасаған Жамбыл футбол мектебінің түлегі Ұлан Қонысбаев болды. Ұланның шірене тартқан соққысын қақпашы Ван Далэя әрең қайтарып үлгерді. Өкініштісі, алғашқы тайм аяқталар тұста Жэнь Ханмен допқа таласта Ұлан Қонысбаев аяғынан өте ауыр жарақат алды.
Кездесудің 69-минутында алаңға жаңадан шыққан Азат Нұрғалиев мергендігімен көзге түсіп, жеңіс голының авторы атанды. Есеп – 1:0. Нұрғалиевтың нәтижелі соққысы ойын соңына дейін сақталды. Осылайша қазақ футболшылары сырт алаңда жеңіске қол жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>