Қазақстан азаматтары күн сайын 20 млрд. теңгенің мүлкін заңдастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан азаматтары күн сайын 20 млрд. теңгенің мүлкін заңдастыруда. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағынаев мәлім етті.

«Күн сайын заңдастырылатын мүлік пен қаржы сомасы 2,3 млрд. теңгеден 20 млрд. теңгеге дейін жетіп жығылады. Ал заңдастырушылар саны 5-тен 20 адамға дейін. Олардың әрқайсысы қандай соманы заңдастырғандығы жайлы ақпараттар бізде жоқ»,  — деді ол.

Осы ретте басқарма бастығының орынбасары Заңдастыру заңнамасына сәйкес, заңдастырумен байланысты кез келген ақпарат , оның ішінде салықтық та, банкілік те мағлұмат құпия болып табылатындығын баса атап өтті. Бұған қоса, мұндай ақпаратты жария ету заңмен қудаланылатындығын да ескертті.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін республика бойынша мүлік пен ақшаны жария етуге арналған өтініштердің сомасы 1,8 трлн. теңгеден асып, оның 1,6 трлн. теңгесі ресми заңдастырылды. 85 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді. Оның ішінде 6 мыңға жуығы коммерциялық нысандар. Жекешелендіру акциясы барысында өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 91 мыңнан астам азамат жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, мүлікті жария ету акциясы осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>