Кенияда бір маймыл бүкіл елді жарықсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Кенияда электр энергиясын өндіруші алпауыт компания бүкіл елді жарықсыз қалдырған оқиғаға маймыл кінәлі болғанын жария етті. Оқиға 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған, маймыл су электр стансасындағы трансформатордың үстіне құлап түскен. Бұл туралыnewsru.com хабарлады.

СЭС-ын басқаратын KenGen компаниясының өкілдері ақауды жойып, одан кейін оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, баспасөз парақшасын таратты. Бағанаға өрмелеп қернеу трансформаторының ішіне құлап, электр қуатының тұйықталуына себепші маймыл елді 180 МВт-тан астам электр қуатынсыз қалдырған.
KenGen компаниясының хабарлауынша, электр стансасы жабайы жануарлар кіріп кетуінен қорғалған қоршауы бар екендігі айтылып, алайда соңғы оқиға секілді бірлі-жарымды келеңсіздікке қынжылыс білдірген. Оқиғаға кінәлі маймыл тірі қалыпты, оны Кенияның жабайы жануарларды қорғаумен айналысатын KWS ұйымының өкілдері алып кеткен.

ақарапт көзі kazinform.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>