Чипстер ме, чемпион ба сатылып жатқан?

Жарнама сауатты әрі мазмұнды жазылса, құба-құп. Таразда бұл мақсаттағы ілінген баннерлердің кейбірінде «әттеген-айлар» кетіп жатады. Әсіресе, мына жарнамаға көңіл аударыңызшы! «ETKҮ етті чипстер Чемпионның таңдауы Бақтияр Артаев Олимпиада чемпионы Қала дүкендерінде сатылуда» дейді. Осыдан не түсіндіңіз? Көп адам «Чемпион қала дүкендерінде сатылуда» деп түсінеді мұны. «Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы. Чемпионның таңдауы – етті чипстер. Қала дүкендерінде сатылуда» деп жазылса, қарапайым тұрғындарға түсінікті болмас па еді?
Тиісті мекемелер осындай олқылықты қашан түзетіп, жолға қояр екен?

One comment

  1. Сауаты бар адам, бирден тусинеди буны. Чимпион емес, ет чипси сатылып жатканын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>