Бұйырғаны 1-ақ ұпай

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. Бірінші айналымды көш соңында аяқтаған «Тараз» футбол клубы бұл жолы сырт алаңда «Ақтөбе» командасымен жасыл алаңда кездесті.
Команданың жаңа жаттықтырушысы Юрий Максимовтың бапкерлік дебюті сәтті басталды. Ең бастысы «Тараз» футбол клубының ойынында аздап болса да оң өзгеріс байқалды. Түзде ойнағанына қарамастан шабуылда сәтті өнер көрсетуге ұмтылған «Тараз» футболшылары алғаш болып есеп ашты. Виталий Евстигнеевтің шірене тартқан соққысына «Ақтөбе» қақпашысы тосқауыл бола алмады. Есеп ашылған соң алаң иелері алдыға ұмтылды. 44-минутта Самат Смақов 11 метрлік айып добынан таразы басын теңестірсе, араға бір минут салып, Дидар Жалмұқан есепті еселеді.
Екінші кезеңге ерекші екпінмен шыққан жамбылдық ұжым кездесудің 49-минутында есепті теңестірді. Бірнеше қорғаушыдан еркін сытылып шыққан Малик Маненің тамаша соққысы жамбылдық жанкүйерлерді желпінтті. Гол! Таблодағы көрсеткіш ойын аяқталғанша өзгеріссіз қалды. «Тараз» әлі де болса турнир кестесінің ең соңғы сатысында келеді.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>