Нағима Ахметова аз уақыттың ішінде Инстаграмда 100 мың жазылушы жинаған. Ол жариялаған қысқа әзілге құрылған роликтер (вайн) 1000-ға жуық көрілім жинайды.
“Жасым 21-де. Мамандығым бойынша ағылшын пәні мұғалімімін”, – дейді ол.
Алғаш рет ол Айка деген образбен қысқаша ролик түсіріп Инстаграмдағы парақшасында жариялапты. Бұл кезде оған әпкесі макияж жасап, соны пайдаланып видео түсірген екен. Ол бейнежазбаларының мұншалықты танымал болып кетеді деп те ойламаған. Тіпті өзі де жұлдыз болуға аса құлық танытпапты.
Әзірге парақшасына түрлі жарнамалар іліп ақша таппағанын, әйтсе де біртіндеп телеарналардың назар аудара бастағанын айтып өтті.
Источник: Stan.kz