Екі аяқты бұзау

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында екі аяқты бұзау туылды.
14 сәуір күні таңертең жергілікті шаруа фермасында екі аяқты бұзау туылғанын көрген. Мұндайды алғаш көрген ферма қожайыны жағасын ұстаған. Он күн ішінде бұзау біраз өсіп, қазір 26 келіге жетіпті.
Бұзаудың тек артқы екі аяғы болғандықтан, өздігінен тұра алмайды. Сондықтан оны бөтелкемен тамақтандыруға тура келген. Зоологтардың пайымынша, бұл аномалия генетикалық ауытқушылық немесе сиырдың дәрі-дәрмек, сондай-ақ жем-шөпке деген реакциясынан болуы мүмкін екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>